Біз сіздерді туған мектебіміздің ресми сайтында, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біз сайтты оқушылар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де пайдалы әрі қызықты етуге тырыстық, жаңалықтарды, өзекті нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдардың үлгілерін іріктеп алдық.

1 сынып ата-аналары үшін мектепішілік жиналыс

Астана қаласы  «№25 орта мектеп» ММ 2018 жылдың 25 тамыз күні  мектеп директоры Гайсина Сайран Төлеуханқызы  және мектеп әкішілігінің ұйымдастыруымен 1 сынып ата-аналары үшін мектепішілік жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп басшысы төмендегі күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Күн тәртібінде:

1.Мектепішілік тәртіп.

2.Жаңа 2018-2019 оқу жылының сабақ кестесі.

3.Тамақтану.

4.Ата-аналардан заңсыз ақша жинау туралы бұйрық.