Біз сіздерді туған мектебіміздің ресми сайтында, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біз сайтты оқушылар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де пайдалы әрі қызықты етуге тырыстық, жаңалықтарды, өзекті нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдардың үлгілерін іріктеп алдық.

Жау жүрек маршы

2018 жылдың 4 мамыр күні соғыс жылдарында отанын жаудан қорғаған қазақтың екі даңқты қызы Әлия мен Мәншүктің құрметтеріне арнап Әлия Молдағұлова мемориалды кешеніне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. «Сарыарқа» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев,ҚР Парламентінің депудаттары,ҚР Бас прокуратурасының өкілдері,елорданың №25 орта мектеп кадет сыныптары,сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы Қазақ  Агротехникалық  университетінің  студенттері Ұлы Отан соғысының ардагерлері  қатысты.