Біз сіздерді туған мектебіміздің ресми сайтында, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біз сайтты оқушылар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де пайдалы әрі қызықты етуге тырыстық, жаңалықтарды, өзекті нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдардың үлгілерін іріктеп алдық.

«Адалдық дүкені»

Нұр-Сұлтан қаласы, №25 орта мектебі, оқу-білім шаңырағында «Адалдық дүкені» атты акциясының өтілуі туралы ақпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы, №25 орта мектебі, оқу-білім шаңырағында «Адалдық дүкені» атты акциясына белсенділік танытып қатысты.

Акцияның мақсаты балаларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мәдениетке, сыйластыққа үйрету еді. Бұл мақсатымызға жеттік. Балалар бір-бірін сыйлау, үлкенді өткізіп жіберу, қыздарға жол беру арқылы бізге үлкен қуаныш сыйлады. Бұл акция әлі де жалғасын табады.

Бұл іс-әрекеттің өзі Қазақ елі тұрғындарының берекесімен бірлігі жарасқанын дәлелдеп, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс үлгі-өнеге көрсетеді деген үміттеміз!!!