Біз сіздерді туған мектебіміздің ресми сайтында, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біз сайтты оқушылар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де пайдалы әрі қызықты етуге тырыстық, жаңалықтарды, өзекті нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдардың үлгілерін іріктеп алдық.

«Қауіпсіз интернет»

Нұр-Сұлтан қаласы №25 орта мектебінде

4-сәуір - 17-сәуір аралығында өткен «Қауіпсіз интернет» онкүндігі өтілуі туралы мәлімет.

11-сәуір - 22-сәуір аралығында ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды.

Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Осыған орай, №25 орта мектебінде осы науқанға байланысты жоспар құрылып директормен бекітілді. Аталған онкүндіктің өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. 1 – 11 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-11сыныптар арасында ««Пайдалы және қауіпсіз интернет» «Безопасный интернет», «Детям нужен с детских лет безопасный интернет», «Полезный и безопасный Интернет» тақырыбына тәрбие сабақтарын өткізді. «Желідегі қарым-қатынас этикасы»  эссе 9-10 сыныптар үшін«Қауіпсіз интернет»«Безопасный интернет» А4 форматта 1-4 сыныптар арасында суреттер сайысы.Науқан барысында дөңгелек үстелдер, баяндама, дебат балаларға арналған шығармашылық байқаулар, ата-аналардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланды.