Біз сіздерді туған мектебіміздің ресми сайтында, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біз сайтты оқушылар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де пайдалы әрі қызықты етуге тырыстық, жаңалықтарды, өзекті нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдардың үлгілерін іріктеп алдық.

«Жасыл экономика»

Астана қаласы №25 орта мектепте 24 қараша күні Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті «Жасыл экономика» негізінде «AGRIPP Business Group» ЖШС-нің қоқыс қалдықтарын жинау іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мектеп директоры Гайсина С.Т сөз алып,ата-аналарды,ұстаздарды,оқушыларды белсене қатысуға шақырып,соңында 9 сынып оқушылары флешмоб ұйымдастырды.