Біз сіздерді туған мектебіміздің ресми сайтында, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біз сайтты оқушылар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де пайдалы әрі қызықты етуге тырыстық, жаңалықтарды, өзекті нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдардың үлгілерін іріктеп алдық.

"Жетім көрсең жебей жүр"

"Жетім көрсең жебей жүр" деген дана халқымыз. Астана қаласы #25 орта, мектептің 3"Ә" сынып оқушысы Ерланқызы Жансезім бүгінгі күнін жетім балалар үйіне барып көмек көрсетуден бастады. Көптен бері оқушы осы балаларға көмектессем деген арманын анасына, жиі айтатын. Ақша салғышқа жинаған 30 мың теңгесіне түрлі тәттілер мен ойыншықтар алып, анасы Гулназира Аманбековнамен Астана қаласы Сейфуллин көшесіндегі 67 үйде орналасқан жетім балалар үйіне рақымдылық жасады. Шын көңілден шыққан Жансезім қызымыздың бұл ерлігі тарих парағының беттерінен орын алатынына сенеміз!. Өмірлі бол, Жансезім!