Біз сіздерді туған мектебіміздің ресми сайтында, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Біз сайтты оқушылар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де пайдалы әрі қызықты етуге тырыстық, жаңалықтарды, өзекті нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдардың үлгілерін іріктеп алдық.

«Жау жүрек полк»

2018 жылдың 4 мамыр күні соғыс жылдарында отанын жаудан қорғаған қазақтың екі даңқты қызы Әлия мен Мәншүктің құрметтеріне арнап Әлия Молдағұлова мемориалды кешеніне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. «Сарыарқа» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ҚР Парламентінің депудаттары,ҚР Бас прокуратурасының өкілдері,елорданың №25 орта мектеп кадет сыныптары,сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы Қазақ  Агротехникалық  университетінің  студенттері Ұлы Отан соғысының ардагерлері  қатысты.

      

             

2018 жылдың 8 мамыр күні  Астана қаласы Білім  Басқармасының  «Рухани жаңғыру» бағадарлама аясында ұйымдастырған Ұлы Отан соғысында жарақат алып,қаза тапқан сарбаздардың зиратына гүл шоқтарын қою рәсімінде №25 орта мектеп спорттық-кадет сыныптары да қатысты.

9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдығына ұйымдастырылған іс-шарада №25 орта мектептің спорттық-кадет сыныптары «Отан Қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қазақстанда 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс өртіне шарпылмаған әулет жоқ десек те болады. 9 мамыр күні өткен  «Жау жүрек полк» шеруі ата-әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың сол сұрапыл жылдары көрсеткен ерлігіне бағышталды. Астанада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шараға №25 орта мектептің спорттық-кадет сыныптары да қатысып,  қолдарына майдангерлердің фотосуреттерін және аты-жөндері жазылған транспаранттарды немесе штендерді көтеріп шықты.